6.03 -18.04.2012 күндер аралығында бiздiң университетiмiзде “Екi жұлдыз”ән байқауы өттi.

6.03 -18.04.2012 күндер аралығында бiздiң университетiмiзде “Екi жұлдыз”ән байқауы өттi. Ән байқауға университетiмiздiң қызметкерлерi мен өнерлi студенттерiнен құралған 16 жұп қатысты. Бұл додаға жалпы медицина факультетiнiң 3курс 09-034-1топ студентi Болат Ербол “Мемлекеттiк тiл дамыту бөлiмiнiң” қызметкерi Берiкбаева Нүргүлмен қатысқан болатын.Екеуi бар өнерлерiн салып, еңбектерi арқасында “Талантты жұп” номинациясының иегерлерi атанды. Жалпы медицина факультетiнiң атынан,09-034-1 топ студенттерiнiң атынан Болат Ерболды шын жүректен құттықтап, алғысымызды бiлдiремiз!Талабын жанып, өнерiң өрге жүзiп, бұдан да биiк белестерден көрiне беруiңе тiлектеспiз!

Жалпы медицина факультетінің   09-034-1 топ студенттері