1-ЖЕЛТОҚСАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІ

28 қараша 2014 жылы Даңқ залында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған шетел факультеті студенттері қатысуымен іс-шара өткізілді.

Іс-шара ұйымдастырушуысы шетел студенттері факультеті мен 1-курс шетел студенттері тьюторлары.

Студенттер контингенті келесі мемлекеттерден құралды: Иордания Королдігі, Үндістан, Ауғанстан. Аталған іс-шара модераторлары «Жалпы медицина» 3-курс ағылшын тобы студенттері Калиуллаев Берик, Кадырбекова Дияра. Сондай-ақ «Фармация» факультеті студенттері Бекжанов Аділ, Бетімбетова Алтынай, «Стоматология» Айтымбетова Ақбаян, Амзеева Алина, Жанысбек Айжан, Нұралыева Алима Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің өмір жолы, Президенттің құқықтық мәтребесі, мемлекеттегі орны мен қызметі туралы презентацияларын көрсетті. Студенттер Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің халықаралық деңгейдегі абыройын ерекше атап өтті.

Іс-шара барысында студенттер ерекше белсенділік танытты. «Фармация» факультеті студенті Багдатова Кымбат ұлттық музыкалық аспап домбырада «Жекпе-жек» күйін ойнады. Үндістаннан келген студент Kodicharapu Niharika үнді классикалық биін биледі.

Аталған іс-шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй, отансүйгіштік сезім, өзара сыластық байланысын нығайтуға бағытталды. Шетел студенттері іс-шара соңында ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.

Іс-шара бағдарламасы қосымша тіркеледі.