Қазақ хандығының дара тұлғалары: ерлік пен елдіктің елшісі

Қазақ хандығының дара тұлғалары: ерлік пен елдіктің елшісі

 

Біз “Жалпы медицина” факультетінің 1 курс студенттеріҚазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушыларының жетекшілігімен Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық университетінде 31 наурызда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ хандығының дара тұлғалары: ерлік пен елдіктің елшісі» атты Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері арасында ұйымдастырылған интеллектуалды олимпиадаға қатысып ІІІ дәрежелі орынға ие болдық.

Қалалық олимпиадаға қатысу барысында  ЖОО-нан қатысқан 7 команда студенттерімен сайысқа түстік. Осы жарыс алғашқы сайыстың бірі болғандықтан университетіміздің мәртебесін көтеру негізгі мақсатымыз болды. Бізге мүмкіншілік жасап, бағыт-бағдар берген дайындаған кафедра оқытушылары  т.ғ.к., доц. Нұрсұлу Дюсенова, аға оқытушы Сәуле Жолдыбаева апайларымызға үлкен алғысымызды білдіреміз.

Кафедра ұжымына болашақта да студенттерді білімге деген құлшынысын арттыра беруіне тілектеспіз, шығармашылық табыс тілейміз.

 

Жалпы медицина факультетінің

 1 курс студенттері: 20 топ- Сушенов Асанали, 21  топ – Усен Лазиза, 26 – топМейірбек Галым.