«Сыбайлас жемқорлық пен күресу – ортақ парызымыз».

Молекулалық биология және генетика кафедрасының тьютрлары Г.Т. Танеева, Қ.Е. Жүзжан, М.Ж.  Жұмағұл және оқытушылардың  ұйымдастыруымен Жалпы медицина факультетінің студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлық пен күресу – ортақ парызымыз» атты пікір-алмасу кеші болып өтті. Бұл  кешке кафедраның меңгерушісі Е.Ө. Қуандықов пен кафедраның оқытушылары және ректордың көмекшісі М.В. Қуанышев пен студенттердің әлеуметтік – мәдени құзіретін дамыту департаментінің әлеумет танушысы А.С. Тілепберген қатысты.

Студенттер – қоғамның әрбір мүшесі сонымен қатар Қазақстанның әрбір азаматы жемқорлықты түйткілді түбірімен жоюға белсенді түрде араласуы міндетті екенін пікір алмасу барысында көз жеткізді.

Студенттер өз ойларын еркін жеткізіп:

                  Нұрлы жүзді, иман көзді жастарым,

                 Жемқорлыққа бұрылмасын бастарың…дей отырып  барлық жиналған жастарға саналы үндеу тастады: