Оториноларингология кафедрасының конференция өткізгені туралы есебі

Оториноларингология кафедрасының конференция өткізгені туралы есебі.

Мерейтой – университет табысының тарихы

ҚазҰМУ өзінің оқытушыларын, мұғалімдерін, жетекшілерін құрметпен еске түсіреді, өйткені аға буындардың даңқты тарихынсыз ЖОО болмас еді.

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ  Ұлттық Медицина университетінің оториноларингология кафедрасы ҚазҰМУ-нің 85 жылдығына және кафедраның негізін қалаушылардың бірі, профессор Б.В.Еланцевтің туғанына 110 жыл толуына орай 2015 жылдың 28 мамырында кафедра ардергерлірінің қатысуымен Алматы қаласының тәжірибелік  оториноларинголог дәрігерлеріне арнап «Оториноларингология кеше, бүгін, ертең» атты тақырыптағы  ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Мекен-жайы: Алматы қ. Достық даңғылы, 220 № 5-ші ҚКА-ның конференц-залы

Конференцияға қатысқандар:

Президиумде: профессор  Б.В. Еланцевтың ұлы –  Еланцев  Александр Борисұлы.

Шақырылған құрметті қонақтар:

Подойницина Л.Ф., Жақыпова Ж.С., Есенәлиева Р.Н.

 

Кафедра қызметкерлері:

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Құдайбергенова С.Ф.

Профессорлар: Жайсақова Д.Е., Күлімбетов А.С.

Доценттер: Жарқынбекова Г.Қ., Мұқанова Ж.Т.

Ассистенттер: Мырзабаев Д.Э., Крымова М.І.

Резидентттер: Айтбекова А.Б., Баранқұлова М.М., Имангалиева А.А., Нұғманов Б.И.

Докторант: Қалтаева М.Б.

Студент-интерндер хирургтар:  Атамұратов Серік, Әбілов Гулстан,  Құдайбергенова Ақмарал, Мұстафина Зарина, Тоғымова Перизат, Ибрагимов Шариғат, Керімше Қуаныш, Маханова Ұлжан, Оразакиева Талшын,  Солтанбекова Ұлжан, Умралиев Бекнур.

Тәжірибелік денсаулық сақтау мекемелерінің дәрігер-оториноларингологтары:  №5 ҚКА, №7 емхана, №3 емхана, №25 емхана,  , «Тау Сұңкар» МО, « Достар Мед» МО,  «Интертич» ЖШС, «Сункар» МО, «SOS Medical» ЖШС.

Барлық қатысқандар:  барлығы  81 адам.

Кафедра меңгерушісі, профессор  С.Ф. Құдайбергенова конференцияны ашып, президиумды таныстырып өтті.

№ 5 ҚКА-ның бас дәрігері, м.ғ.д. Б.Садықов құттықтау сөз сөйледі.

 

Профессор С.Ф. Құдайбергенова ардагерлер: профессор С.Ф Баймақанова мен профессор Б.Р.Рымжановтың жазбаша түрде жіберген үндеу хаттарын оқыды.

С.Ш.Баймаканованың кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Гипертониялық аурудағы есіту анализаторының жағдайы».  Ғылыми жетекшісі: профессор Еланцев Б.В.

 

Профессор Баймақанова Софья Шәкіровқызы еске түсірді:

Оны жоғары кәсіби, жан-жақты шығармашылық пен ғылымға деген құштарлық және біздің еліміздің көптеген медициналық мекемелерінде еңбек етіп жүрген ғалымдар мен дәрігерлерді дайындаудағы  еңбегімен ерекшеленетіндігі көрсетеді. Мен бұл адам – Қазақстандағы отоларингологтар мектебінің негізін қалаушы  десем артық айтпаған болар едім.

Біз көптеген жылдар бойы  белгілі ғалым, талантты басшы, тамаша және терең білімді, жоғары мәдениетті адаммен жұмыс істегенімізді мақтан тұтамыз және онымен тығыз қарым-қатынас жұмыс істегенде үлкен кәсіби қанағат алатынбыз.

Ол жазған оперативті оториноларингология монографиясы бүгінгі күнге дейін өз құңдылығың жойған жоқ, яғни дәрігер – отоларингологтар күнделікті тәжірибе жұмыстарында қолданып келеді. Өкінішке орай, біздің елімізде бұл еңбек қайта басылынып шықпаса да, шет елде, әсіресе Еуропада  ағылшын тілінде бірнеше рет жарияланып, жарық көрді.

Оның медицина мен медициналық білім берудегі кәсіби мансабы,  адам бейнесінің тәжірибелік дәрігер, ғалым- зерттеуші, педагог-ағартушы және патриот – азаматтың мүмкіндіктерімен қатар адамгершіліктің жарқын үлгісі болып табылады.

Жылдан жылға біз олардың ең құнды кәсіби тәжірибелік байлықтарын алудамыз.

 

Профессор Құдайбергенова Сәуле Фазылқызы біздің конференцияға қатысушылардың атынан профессор Баймақанова Софья Шәкіровқызына алғыс айтуға рұқсат етіңіздер деді. Шын жүректен профессор Б.В.Еланцевқа атына айтылған игі сөздеріне үшін алғыс айтып, оған зор денсаулық және қуат тілейміз.

Профессор Б.В. Еланцевтың ғалым-дәрігер саңылақтар тобы:

  1. М.С. Шанов: Авиациядағы отолитті рефлекстер және оның рөлі.
  2. О.И. Копыткова: Жоғарғы тыныс алу жолдарының және есіту анализаторының алиментарлық-токсикалық алейкиядағы жағдайы.
  3. А.В. Брофман: Жоғарғы тыныс алу жолдарының және есіту анализаторының бруцеллездегі жағдайы.
  4. Д.Н. Тен: Жоғарғы тыныс алу жолдарының және есіту анализаторының Қызылорда облысы тұрғындарындағы жағдайы.
  5. С.Ш. Баймақанова: Есіту анализаторының гипертониялық аурудағы жағдайы.
  6. Н.В. Кведерова: Жоғарғы тыныс алу жолдарының және есіту анализаторының қорғасынмен уланудағы жағдайы.
  7. Б.И. Дунайвицер: Есту аппараттарын құлақ кереңдігінде қолдану тиімділігі.
  8. М.Н. Нұғманов: Жедел мастоидитті емдеудегі хирургиялық емнің тиімділігі.
  9. А.И. Мултусова: Атипті мастоидитті емдеу тәжірибесі.
  10. В.В. Кирко: Созылмалы тонзиллиттерді хирургиялық жолмен емдеудің тиімділігі.
  11. Я. Цыпин: Созылмалы риниттерді склерозды жолмен емдеу тәсілдері.
  12. В.С. Мошкевич: Созылмалы тонзилитпен ауыратын науқастарды салқымен тітіркендіргендегі езудің шырышты қабаттарының қан тамырлары мен ақ қан түйіршіктерінің реакциясы.
  13. Шаихов З.Ш.
  14. Төлебаев Р.Қ.
  15. Озерная А.А.
  16. Подойницына Л.Ф.
  17. Гончарова Е.Р
  18. Клементьева М.С.
  19. Нұрғожаев С.Н.
  20. Минский О.В.
  21. Тайбағаров С.Е.

 

Медицина ғылымдарының докторлары:

  1. Дунайвицер
  2. Брофман
  3. Тайбағаров С.Е.
  4. Кирко В.В.
  5. Шаихов З.Ш.

 

Жылы құттықтау сөздерін Англияда өз отбасымен тұратын кафедра ардагері, профессор Бағдат Рымжанов электрондық пошта арқылы жолдады. Оның  жас ұрпақ- дәрігерлерге арналған өлеңі оқылды.

Болашак абзал жандар!

 

Ассалаумағалейкум,  балаларым,

Болашақ ақ халаты абзал жандарым

Талаптарыңа нұр жаусын деп,

Тілегін білдіріп тұр,  Бағдат аталарың.

 

Өсіп кележатқан таланттарым

Ашылсын көл – дария дарындарым.

Халықтың денсаулығын сақтауға

Орындалсын аңсаған армандарың.

 

Қымбатты тәтті немерелер!

Болашақ арқа сүйер дәрігерлер!

Білім жолы ойлы – қыратты

Шыңына талаптанып жетіңдер.

 

Қазақтың сенімді ұл – кыздары,

Халықтың намысты қырандары!

Отанның туын тік ұстаңдар

Елімнің үміт күткен жұлдыздары.

 

Қолданып терең біліміңді

Жүректен шыққан жылы созіңді

Емдеп, алтын алма, алғыс ал.

Алғыс абройыңды көтереді.

 

Ерінбей халыққа еңбек етіңдер

Білімді ұдайы көтеріңдер.

Жан жылуы бата алып

Бақытты болып, қөгеріп қөркейіңдер!

Қарт ұстаз, профессор

Рымжанов Бағдат аталарың

 

Сонан соң бағдарлама бойынша профессор Б.В.Еланцевтің баласы Александр Борисұлы Еланцев әкесінің өмірі мен шығармашылық жұмыстарының барысы жайында баяндама жасады.

Сонан соң қадырлі қонақ, м.ғ.к., ассистент Подойницина Л.Ф. алып келген естелік суреттерді көрсетіп, студенттік өмірі жайында және профессор Б.В.Еланцевтің оқыған дәрістеріне тоқталып кетті.

Жақыпова Ж.С. – көп жылдар бойы профессорлық клиниканың бас дәрігері болған. Ол профессор Б.В.Еланцевтің басқаруымен оқылған дәрістер туралы  және өткен кезеңге тоқталып өтті.

Тәуекелева С.А.- профессор, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің кафедра меңгерушісі кеңестік, соның ішінде қазақстандық оториноларингологияның дамуына профессор Б.В. Еланцевтің және оның шәкірттерінің сіңірген еңбектеріне тоқталып өтті.

Есенәлиева Р.Н.- м.ғ.к., Қазақ-Ресей медицина университенің  оториноларингология кафедрасының доценті сол жылдардағы кафедраның және маман иелерінің істеген жұмыстарына тоқталып өтті.

 

Сонан соң м.ғ.д., кафедраның профессоры Жайсақова Дәмелі Едігеқызы кеңестік оториноларингология ғылымының көрнекті кемеңгері, профессор Б.В. Еланцев туралы баяндама жасады.

 

Еланцев Б.В. 1905 жылдың  14 тамызында Томск қаласында дүниеге келген. Әкесі – дәрігер, анасы – мұғалім болған.

Студенттік кезінде 1 курстан бастап қалыпты анатомияса кафедрасында, ал жоғарғы курста профессор А.И. Никольский басқарған құлақ, мұрын және тамақ аурулары кафедрасында жұмыс істеген.

1929жылы Университетің толық курсын бітіріп Қызыл Армия қатарына шақырылып 1930 жылдың желтоқсан айында дейін борышын өтеді. 1933-1940  жылдар аралығында клиникадағы құлақ, мұрын және тамақаурулары кафедрасында ассистент болып қызмет атқарады.

1937 жылы «Тау-кең жұмысшыларындағы нистагм» атты тақырыптағы монографиясы шығып, оны кандидаттық диссертация ретінде ұсынылып, сол жылы оған бір дауыстан медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрижесі беріледі.

1940 жылдың қаңтар айында Қазақ Советтік Социалистік Республикасының денсаулық сақтау министрінің орынбасары қызметін атқарған, профессор В.Г. Ермолаев басқарған Қазақ медицина институтының оториноларингология кафедрасын ары қарай нығайту мақсатында жұмысқа ауыстырылады.

1949 жылдың 23 наурызында Жоғарғы Аттестациялық Комиссияның шешімімен оған доцент ғылыми атағы беріледі.

1945 жылдың  қарашы айында профессор В.Г. Ермолаевтің  Қазақстаннан Ленинградқа ауыстырылуына байланысты, Б.В. Еланцев кафедра меңгерушісі қызметіне сайланады.

1943 жылдың 10 ақпанында Ташкент медицина институтының Ғылыми Кеңесінде медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрижесін алу үшін докторлық  диссертация қорғайды. Сол жылдың 11 желтоқсанында Жағарғы Аттестациялық Комиссияның шешімімен медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрижесі бекітіледі.

Профессор Б.В. Еланцевтің басқаруымен 12 кандидаттық диссертация дайындалады, оның 5-іне медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрижесін беріледі.

Профессор Б.В. Еланцев ғылыми және емдеу жұмыстарын қоғамдық жұмыстармен бірге атқарды. Ол Қаз.ССР денсаулық сақтау министрлігінде бас маман, Қазақ мемлекеттік медицина институтындағы Ғылыми Кеңестік Ғылыми хатшысы, Қаз.ССР денсаулық сақтау министрлігіндегі Ғылыми Кеңестің мүшесі, Бүкілодақтық оториноларингологтар қоғамының басқарма мүшесі болды. Алматы және Ташкент қалаларындағы емтихан комиссияларының басқарушысы болды және «Вестник оториноларингологии» (Москва) журналының редакция мүшесі болды.

Профессор Б.В. Еланцевтің ғылыми еңбектері клиникалық жұмыстармен қатар және эксперименттік сипаттағы әр түрлі тақырыптарда көрсетілген, сонымен қатар обірнеше инновациялық жаңалықтар енгізген. Профессор Еланцев Б.В. білімді дәрігер, тәжірибелі хирург және білікті оқытушы болды.

Профессор Еланцев Б.В. нституттың әлеуметтік-саяси өміріне белсене қатысып, ұзақ жылдар бойы тәрбие жұмысы жөніндегі комитеттің төрағасы болды.

Профессор Еланцев Б.В. еске түсіргеннен кейін кафедра қызметкерлері конференцияның бағдарламасы бойынша ғылыми баяндамалар жасады.

  1. С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің оториноларингология кафедрасында студенттерді оқытудың инновациялық тәсілдері – С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің оториноларингология  кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Құдайбергенова С.Ф.
  2. Балалар тәжірибесіндегі фитотерапия – м.ғ.д., С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің оториноларингология кафедрасының профессоры Күлімбетов А.С.
  3. Синуситтердегі антибактериалды емнің жаңа мүмкіншіліктері – м.ғ.к., С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің оториноларингология кафедрасының доценті Мұқанова Ж.Т.
  4. Созылмалы іріңді ортаңғы отитпен ауыратын науқастардағы тимпанопластиканың тийімділігі – № 5 ҚКА-ның II ЛОР бөлімшесінің меңгерушісі Булдаков А.М.
  5. Кохлеовестибулярлы бұзылыстардың ерте диагностикасы және кешенді ем – м.ғ.к., С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің оториноларингология  кафедрасының доценті Жарқынбекова Г.Қ.
  6. Бастың айналуымен ауыратын науқастарды тексерудегі рутинді вестибулярлы тесттердің диагностикалық маңыздылығы – С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің оториноларингология  кафедрасының ассистенті Крымова М.І.
  7. Жоғарғы жақ қуысының кисталары, диагностикасы, емі – С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің оториноларингология кафедрасының ассистенті Мырзабаев Д.Э.
  8. Мұрын және оның қосалқы қуыстарының ауруларын   «Полидекс және фенилэфринмен» емдеу – м.ғ.д., С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің оториноларингология  кафедрасынның профессоры  Жайсақова Д.Е.
  9. Соңғы баяндаманы «Viva-фарм» фармацевтикалық компаниясының менеджері  Дүйсебаева А.Н.  жасады – ЛОР – мүшелері ауруларын қәзіргі заманғы ингаляциялық антибактериалды еммен емдеу.

 

Ғылыми-практикалық конференцияның резолюциясы қабылданды.

 

Конференция туралы ақпараттар: «Казахстан» және «Білім және мәдениет» телеканалдары,  «Вечерний Алматы», «Алматы ақшамы», «Жас алаш» газеттерінде жарияланды.