Николай Николаевич Кучиннің 95 жылдығына арналған конференция өтті

Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы қызметкерлері  ЖМ факультетінің тьюторлық 3 курс студенттерімен бірге,«Ұлы Отан Соғысы Жеңісіне 70 жыл» қарсаңында, 29.04.2015ж. «Даңқ залында» Ұлы Отан Соғысы ардагері, АГМИ проректоры, ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі (1964-1986жж.) Николай Николаевич Кучиннің 95 жылдығына арналған конференция өткізді.

 

Кіріспе сөз  С.Ж.Асфендияов атындағы ҚазҰМУ-нің ректоры кеңесшісі д.м.н., профессор Ж.Ғ.Мустафинаға  берілді. Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы меңгерушісі д.м.н., профессор Есенжанова Г.М. Н.Н. Кучиннің өмір жолы, жетістіктері жайлы баяндама оқыды. Ары қарай ЖМ факультетінің тьюторлық 3 курс  студенттері соғыстың басталуы тақырыбында әсерлі қойылым көрсетіп, «Катюша» әнін орындады. Сонымен бірге студенттер вальс биін билеп, «День победы» әнін шырқады. Көрермендер шағын орекстрдің орындауында Н.Н.Кучиннің жақсы көретін күйі «Балбырауынды» тамашалады.

Конференция бағдарламасы бойынша сөз алғандар: профессор Айтбембет Б.Н. (ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы меңгерушісі 1985-1997гг.), профессор Соколов А.Д., университет  ардагері, ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасыда 30 жылдан аса қызмет атқарған м.ғ.к., доцент Айтмуханова Л.М., ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының ассистенті Адильшина Ш.К. және Николай Николаевичтің қызы Н.Н. Кучина. Конференция жүргізушілері: Кемелова Индира, Джолмаганбетов Айжарық, Талғатқызы Таң-Шолпан.Студенттер қауымы домбыры тарту, би билеу  жағынан құттықтаулар жолдады. Конференция соңын студенттер қауымы әнұран орындауымен аяқтады.

Конференцияға  қатысқандар: доценттер Китуеува Р.Н., Умарова С.У.,   асссистенттер Адильшина Ш.К., Майкотова А.М., Идрисова Г.Н., Мадиева Р.Ч., Мустафин А.Б., Тукаева Л.К.,  Мустафина А.Ж., Сулейменова А.С., Намазбаева Ж.Е. ЖМ факультетінің  200 –ден аса 3 курстың тьюторлық  келесі топ  студенттері : 18 1-2К, 19 1-2К, 20 1-2К, 21 1-2К, 22 1-2К, 23 1-2К, 24 1-2К, 25 1-2К, 26 1-2К, 27 1-2К  қатысты.