“Мотивациялық сұxбат” жобасының тұсаукесері өтті

7 cәуір күні “Жалпы Медицина” факультеті Студенттік Деканатының ұйымдастыруымен 2 жатақхана оқу залында факультетіміздің белсенді студенті, 2015-16 жылғы Студенттік деканы, көптеген байқаулар жеңімпазы және гранттар иегері Нұрғожа Айдана Нұрланқызымен “Мотивациялық сұхбат” жобасы аясында кездесу болып өтті. Кездесу барысында Айдана ханым жинаған студенттік тәжірибесімен бөлісіп, өмірлік ұстанымдарын атап, сондай-ақ, жетістіктерінің сырын белгілеп өтті. Кездесу барысында ойындар ойнатылып, кездесу форматы студенттердің көңілінен шықты.

Студенттердің кездесуден соң жалпы үлкен мотивация алып шыққанына сеніміміз мол. Алдағы уақытта жоба өз жалғасын табатын болады.