«Мисс КазНМУ -2016» байқауының жеңімпазы жалпы медицина факультетінің 2 курс студенті Райымжанқызы Асел.

 

Сәуір айының 22-ші жұлдызы күні өткен «Мисс КазНМУ 2016» байқауында ақылына көркі сай, ибалы да инабатты қазақ қызы Райымжанқызы Әселдің  жеңісіне біз шын жүректен қуаныштымыз . «Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе-жердің көркі» демекші, біздің бабаларымыз әсемдіктің сұлу үлгісін ару қыздың тал бойынан көруді армандаған. Қызын, жастайынан шеберлікке, іскерлікке, баулыған. Қазақ қызының бойында «ақылдылық, сыпайылық, инабаттылық» сияқты қасиеттер бұрыннан қалыптасқан болатын, міне дәл сол қасиеттер  Әселдің бойынан байқау барысында  анық  көрінді.  Алдағы уақытта еліміздің даңқын көтерер азаматша болуыңа тілектеспіз!

_iLNfCRlj9g

iDaGujtO4w4

vwO6HF77lXM