КазМСА-ҚазҰМУ ұйымдастыруымен Алматы қаласы Ақсай Қазақ-Түрік ұлдар лицейінде «Біз алғашқы көмек көрсете аламыз» атты іс-шара өткізілді

КазМСА-ҚазҰМУ ұйымдастыруымен Алматы қаласыАқсай Қазақ-Түрік ұлдар лицейінде «Біз алғашқы көмек көрсете аламыз» атты іс-шара өткізілді.

2016 жылдың 22 қаңтар күні сағат 14:30-16:00 аралығында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің КазМСА-SCOPHжергілікті комитетінің ұйымдастыруымен Алматы қаласыАқсай Қазақ-Түрік ұлдар лицейінің 8-10 сынып оқушыларына «Біз алғашқы көмек көрсете аламыз» тақырыбы бойынша іс-шара өткізілді.

            Іс шараның мақсаты – мектеп оқушыларын апаттық жағдайлар кезіндеалғашқы көмек көрсету шараларымен таныстыру.

                Іс шара барысында алғашқы көмек түсінігі мен апаттық жағдайлар туындаған кездегі, соның ішінде қан кету, күйіп қалу, улану, электр тоғы соғу, естен тану, жәндіктер, жылан т.б. шағып алу және буынның шығуы, сүйектің сынуы, сіңірдің созылуы кезіндегі алғашқы көмек көрсету ережелеріне ерекше тоқталынды.Оқушылар бұл ережелермен студенттердің дайындаған презентациялары, видеолары мен шағын қойылымдары арқылы танысты. Сонымен қатар, оқушылармен кері байланыс жасау мақсатында «бинго» ойыны ойнатылды. SCOPH команда мүшелерінің алғашқы көмек дағдылары бойынша әзірлеген ситуациялық есептері мен сұрақтарына оқушылар қызығушылық танытып, белсенді қатысты. Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушыларға КазМСА тарапынан ҚазҰМУ логотипі бар шағын сыйлықтар таратылды. Іс шара оқушылармен бірге естелік суретке түсумен аяқталды.

Лицей оқушылары алғашқы көмекті жетік меңгеріп, әр түрлі ситуациялардан қалай шығу керетігін үйренді. Сонымен қатар, 8-10 сынып оқушылары арасында аралығында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетіне түсуді қалап жүрген студенттер көптеп табылды. Бұл да біздің университетіміздің беделінің мықты екенінің бір дәлелі.

КазМСА студенттік ұйымының осындай «Біз алғашқы көмек көрсете аламыз» проекты әрі қарай Алматы қаласының басқада мектептерінде жалғасын табатын болады. Бұл проект мектеп оқушыларының ұлт денсаулығын сақтау жолындағы алғашқы қадамдары болмақ. Сонымен қатар, университетіміз беделін көтеруде жетекші роль ойнайды.

            ҚазҰМУ-SCOPH жергілікті комитеті іс шараны өткізуге рұқсат берген мектеп директоры Ясин Йоғұртчу мырзаға, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ибрахим Халил мырзаға, Эмрах Хан мырзаға және С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің студенттік өзін-өзі басқару департаментіне шексіз алғысын білдіреді.