«Залалды дағдылар: темекі шегу, маскүнемдік, есірткіге және улы заттарға үйірсектік – денсаулыққа қатер»

Валеология курсымен қалыпты физиология кафедрасында 07.04.2012 жылы «Залалды дағдылар: темекі шегу, маскүнемдік, есірткіге және улы заттарға үйірсектік – денсаулыққа қатер»  тақырыбы бойынша диспут өткізілді. Диспутқа  кафедрадағы 1 курс жалпы медицина факультетінің  студенттері мен  кафедра оқытушылары қатысты.

Студенттер адам организміне қауіпті факторлардың әсері жөнінде баяндамалар мен презентациялар ұсынды.

Диалог барысында студенттерде  залады дағдыларға жағымсыз көзқарасы, сонымен қатар өз ойларын еркін түрде жеткізу, өз ұстанымдарын қорғай алу, сұқпаттасу қасиеттері айқын көрінді. Студенттер организмге наркотикалық заттардың және темекі шегудің әсері туралы бейнематериалдар мен презентацияларды үлкен қызығушылықпен қарады.

Бұл диспут залалды дағдылардың әсерлері туралы ой-өрістерін кеңейту үшін іс-шараларды кең көлемде жүргізу керек екенін көрсетті.