«Жемқорлықсыз жол сенімді» атты тақырыпта семинар өтті

Коммуникативтік дағдылар кафедрасы ҚазҰМУ-дың Этикалық кеңесімен бірлесе отыра «Жемқорлықсыз жол сенімді» атты тақырыпта семинар өткізді. Аталған іс-шараға ректордың көмекшісі профессор Ж.Ғ.Мұстафина, құқық негіздері кафедрасының оқытушысы Қ.Байтековалар қатысып, жемқорлықтың бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі екендігіне баса назар аударды. Іс-шараны жалпы медицина факультетінің 004, 028 топтарының студенттері коммуникативтік дағдылар кафедрасының оқытушылары К.Ө.Қожамжарова, Г.П.Абсаторова, ассистент А.А.Нурмуханбетовалардың басшылығымен өткізді. Өз шығармашылығында жемқорлыққа қарсылығын білдірген студенттер Қайырбек Назым мен Басимбекова Ұлмекен өз туындыларын ортаға салды.