Жалпы медицина факультеті студенттерінен құттықтау!!!

Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,

Ол болмаса кім береді парасатты.

Асылын беріп шәкіртінің бойына,

Ағартқан сол үшін қара шашты.

 

Оқытушы – мамандық, ұстаздық – қасиет. Осындай ұлы қасиетті бойына қондырған, үйретуден танбаған.  Өмірді ұғынуыңа себеп болатын, тірлікке кіруіңе көмек болатын. Әр кезде аялайтын, дәрісті аямайтын. Тұлғалық табиғатын мәңгілікке қалдыратын. Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дархан, ерең еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір ұстаздар мерекесі де күрең күзбен ілесіп келіп қалды. Осынау мереке аясында жалпы медицина факультетінің деканат ұжымын және  университетіміздің  барша ұстаздар қауымын төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!!!

Құрметті ұстаздар сіздерге шын жүректен мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, ұзақ өмір, таусылмас бақыт, ашық аспан, талмас қанат, қажымас қайрат, істеріңізге сəттілік тілейміз!!!

 

 

Ізгі тілекпен: Жалпы медицина факультетінің студенттері атынан

4 курс студенті Бектұров Абзал