«Жалпы медицина» факультеті деңгейінде Жедел медициналық жәрдем беру кафедрасы қызметкерлерінің кураторлық топтармен өткізген «Желтоқсаным тәуелсіздік тірегі»атты мерекелік іс шара

«Жалпы медицина»  факультеті деңгейінде Жедел медициналық жәрдем беру кафедрасы қызметкерлерінің кураторлық топтармен өткізген «Желтоқсаным тәуелсіздік тірегі»атты мерекелік іс шара

 

«ЖЕЛТОҚСАНЫМ ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ»

10 желтоқсан 2014 жылы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті №7 аудиториясында Жалпы медицина факультеті деңгейінде Жедел медициналық жәрдем беру кафедрасы кафедрасының оқытушылары кураторлық топтармен бірлесіп «Желтоқсаным тәуелсіздік тірегі» атты мерекелік іс-шара өткізді.

Мерекелік іс-шараға  жедел медициналық жәрдем беру кафедрасының оқытушылары және Желтоқсан оқиғасына қатысқан қонақтар  Тұраров Нұрбақыт, Нұрлан Марқабаев, Камилов Талғат  және кураторлық 521,522,528,531,559 топ студенттері қатысты. Мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасының әнұранымен басталды. Ары қарай  1986 жылғы 16 желтоқсанда бүкіл жастары тотаритарлық режимге ашық қарсылық көрсеткен, дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына, ерлігіне деген тағзым, құрмет үшін  желтоқсанның оқиғаларындағы шыңдаған, боздақтардың рухын еске алу  1 минут үнсіздік жарияланды.

Студенттердің ұйымдастырған концерттік бағдарламалары, баяндамалар қазақ, орыс, ағалшын тілдерінде, би, күй,өлеңдер және сахналық қойылымдар «Қазақ жастарының алаңға шығуы», «Қайраттың тұтқындалуы»жоғары деңгейде көрсетілді. Сонымен қатар  Желтоқсан уақиғасына қатысқан қонақтар  желтоқсанда бастарыннан кешкен  уақиғаларын айтты және  студенттер тарапынан көптеген сұрақтар  қойылды. Сөз соңында  қонақтар ұйымдастырушы студенттерге  сертификаттар тапсырды.

Үлкен алғысымызды Жалпы медицина  факультеті  деканы б.ғ.д., профессор  Жумашева Р.Т., деканның орынбасарлары Роза Алмабековна, Жания Жанбосыновна және  белсене ат салысқан кураторлық топ студенттеріне әсіресе Жұманазаров Асқар, Айдарбекова Жұлдыз, Хайдарбекова Жанар, Едіге Айдана, Төреханова Жанар, Қасымхан Ақерке, Серікқызы Лаура, Ақыжанова Айдана, Алтай Мадияр, Бекбосынов Елдар, Бекбосынов  Дамир және т.б. айтамыз.

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Тату-тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Кетпесін халқымыздың берекесі.

Әрқашан береке-бірлікте боп,

Елімнің бейбіт болсын келешегі.

 IMG_9397

Жүргізушілер Асқар және Жұлдыз

 IMG_9404

Қазақстан Республикасы әнұраны