Жалпы медицина факультетінің студенті «Үздік спикер» номинациясын жеңіп алды

Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған 2-3 сәуір күндері Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде (Нархоз) “ТЭО CUP VII” Республикалық турниріне ҚазҰМУ-ның “AlmaMater” лидерлік-дебат клубының белсендері (Заманбеков Оспан, Сандыбек Әлібек, Абибала Айжан, Серикова Жүрсінай, Қалдыбек Дулат, Амирова Ақмаржан, Орынбек Айсұлу, Каримтаева Жадыра) атсалысты. Жалпы турнирге 6 аймақтан, 70 команда, 150-ге жуықспикерлерқатысты.ТурнирнәтижесінеорайСандыбекӘлібекжәнеЗаманбековОспан АПФ форматы бойыншакомандалықесептеүздік 16-қа енді, ал жекелейжарыста ЛД форматындажалпы медицина факультетінің 2 курс студенті Сандыбек Әлібек “Үздік спикер”атанды.

Құттықтаймыз! Оқуда жоғары жетістіктерге және көптеген жеңістерге жетуіне тілектеспіз!

IMG-20160405-WA0001