Коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы

1994 жылдың желтоқсан айында  Алматы мемлекеттік медициналық институтында «Психология және педагогика» кафедрасы ашылды. Психология және  педагогика кафедрасының бірінші меңгерушісі болып аға оқытушы Сатыбалдина Майра Бірләнқызы тағайындалды.  Курсқа бір оқу бөлмесі берілді, курс құрамында бес оқытушы болды: аға оқытушы Сатыбалдина М.Б., Қожамжарова К.Ө., Марданова Ш.С., Каракушикова А.С., Жанабаева Г.К.

1995 жылы өткен қайта құрудың негізінде кафедра «Психология және педагогика курсы болып қазақ тілі кафедрасының құрамына енді.  Кафедра меңгерушісі болып Ақжанова Ақмаржан Тасыбекқызы тағайындалды, ал курс меңгерушісі Сатыбалдина Майра Бірәянқызы қалды.

1998 жылдың тамыз айында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетінде «Психотерапия, психологияжәне педагогика» курсы құрылып, оның жетекшісі болып медицина ғылымының докторы Жангельдин Юрий Тәңгірұлы бекітілді.

2000  жылдың шілде айында өндірістік қажеттіліктерге байланысты «Психология және педагогика» курсы психиатрия кафедрасымен біріктіріліп, меңгерушісі болып аға оқытушы Сатыбалдина М.Б. тағайындалды.

2003 жылдың тамыз айында «Психология және педагогика» курсына меңгеруші болып п.ғ.к. Жумабекова Сана Шалобаевна тағайындалды.

2004 жылы 24 желтоқсанда курс өзінің құрылғанына 10 жылдық мерей тойын атап өтті. «Медициналық жоғары оқу орындарында психология және педагогика пәнін оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбы бойынша ғылыми-практикалық конференция өткізіп,«ҚазҰМУ хабаршысы» журналының арнайы басылымында мақалалар жарияланды.

2007 оқу жылында  «Психология және педагогика» курсы психиатрия кафедрасының құрамына «Жалпы,  клиникалық психология және коммуникативтік дағдылар» курсы ретінде еніп, меңгерушісі болып, м.ғ.д., профессор Асимов М.А. тағайындалды.

Кафедраға сол кезден бастап жас және талантты дәрігерлер, психолог және педагогтар келді. Қазіргі күнде кафедрада: медицина ғылымының докторлары Шокарева Галина Владимировна,  Абдукаримов Хашим Хакимович, Изатова Айгуль Есенгельдиевна, аға оқытушылар Қожамжарова Күләш Өмірзақовна, Марданова Шолпан Сапаровна,  Ерназарова Салтанат Төлентаевна, Алибаева Рауан Нұрғалиевна, Жақанова Тоты Аманқасовна,  оқытушылар Шайхина Еркетай Тлектесовна, Қашағанова Күлжамал Түгелбаевна, Абсатарова Гүлбану Пернекуловна, Мадалиева Санам Хакимовна, Переборова Юлия Владимировна, Құдайбергенова Айжан Жақанбаевна, ассистенттер Дощанов Даурен Хизатович, Ерденбекова Анар Айдаровна, Айбасова Айгуль Қайратовна, Дәулетбакова Алма Шәкіровна,  аға лаборанттар Мазаржанова Зауреш  Айтановна,Асамадинова Гульнур  Рашитовналар істейді.

2008 жылдың 30 тамызында университеттің Ғылыми Кеңесінің шешімі бойынша (№ 6 хаттама) теориялық және клиникалық пәндерден тұратын «Жалпы, клиникалық психология және коммуникативтік дағдылар» кафедрасы құрылды.

2008 жылдың қазан айының 28 – інде С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің ректоры А.А. Ақановтың  бұйрығымен «Жалпы, клиникалық психология және коммуникативтік дағдылар» курсы «Коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология» кафедрасы болып өзгертілді.

Кафедра 4 клиникалық базада оқу процесіни жүргізеді:психиатрия, психотерапия және наркология мәселелері бойынша Республикалық ғылыми – тәжірибелік орталық; туберкулез мәселелері бойынша ұлттық орталық; педиатрия және балалар хирургиясының ғылыми орталығы; кардиология және ішкі аурулар ғылыми- зерттеу институты.

2008 жылы «Коммуникативтік дағдылар» оқулығы, (авторлары М.А. Асимов, Ю.В. Игнатьев, С.А. Нурмагамбетова) орыс тілінде басылып шығарылып, ол 2009 жылы қазақ тілінде жарық көрді.

Кафедрада «Психология негіздері» және «Коммуникативтік дағдылар» пәндері бойынша жалпы медицина, стамотология, фармация, медициналық-профилактикалық,  фармация мен қоғамдық денсаулық сақтаудағы менеджмент факультеттерінің 1,2,3,4 курс студенттерін, дәрігер – интерндерді, резиденттерді оқытады. Кафедра оқытушылары Қазақ Ұлттық медицина университеті студенттерінің кәсіби даярлығы және кәсіби бейімделуіне бағытталған ғылыми және тәжірибелік жұмыстар жүргізеді.

Оқу-әдістемелік жұмыстан басқа кафедрада үлкен ғылыми зерттеулерт жүргізіледі. 2004 жылы, кафедраның 10 жылдық мерейтойына орай «Медицинадағы педагогика менпсихологияның өзекті мәселелері» деген  Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтіп, оның нәтижесі «ҚазҰМУ хабаршысы» журналының арнайы нөмірінде толық жарық көрді. 2009 жылы Университет күндері аумағында салуатты өмір салтын қалыптастыру мәселелеріне арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. 2010 жылы медицинадағы коммуникативтік дағдылар мәселелері бойынша Халықаралық деңгейде ата танымал мамандардың шеберлік класстарын өткіздік, оған Джулия Драппер (Великобритания), Беверли Дин (США) қатысты. Кафедраның барлық оқытушылары ғылыми-шығармашылық іс-әрекетпен қамтылған. Кафедра мүшелері ҚазҰМУ студенттерінің кәсіби бағдары мен кәсіби бейімделуіне бағытталған ғылыми және практикалық жұмыстаға қызу атсалысады.

Кафедрада тәрбие жұмысы ҚазҰМУ тәрбие жұмысының Концепциясына орай жүреді, оқытушылардың көбі  жалпы медицина факультептінің 1 курсының топ кураторлары болып табылады, сондықтан әр куратор өз тобында эстетикалық бағыттағы тәрбиелік іс-шаралар жүргізеді: мұражайлар мен театрларға бару және ол жерде өзін ұстау мәдениет;, тақырыптық кураторлық сағаттарда президентіміз Н.Назарбаевтың  жыл сайынғыҚазақстан халқына жолдауын талдау дәстүрге айналған.