Гистология кафедрасында «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты тъюторлық сағат өткізілді

15-ші ақпан 2014 жылы сағат 12.00 С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің № 6-шы жатақханасында Гистология кафедрасының тъюторлары «Жалпы медицина» факаультетінің 3 курс 10-021-01, 02; 10-022-01, 02 топтарының ұйымдастырумен тъюторлық сағат өткізді. Тъторлық сағат «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты тақырыпта Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын талдауға арналды.  Бұл шараға студенттердің дайындаған презентацияларының негізінде Жолдаудың кейбір мәселелерін: білім беру саласындағы, әлеуметтік жағдайлар және денсаулық сақтау мәселелері қызу талқыға түсті. Тъюторлық сағаттың ұйымдастырушысы, кафедраның меңгерушісі, доцент М.Ж.Ергазина мен оқытушы А.К.Жанбырбаева, ал қонақтар доцент М.С.Калинина, оқытушы М.Г.Адилова және оқытушы А.Р.Есполаева. Бұл шараға қатысқандар «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты тақырыптағы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының маңыздылығы мен мәнін талдап, өз тарапынан ойларын ортаға салды