«Білгірлер бәйгесі» интеллектуалдық ойыны

«Білгірлер бәйгесі» интеллектуалдық ойыны

2015 жылғы 29 қазан күні «Жалпы медицина» факультеті Студенттік Үкіметінің ұйымдастыруымен, Қазақ Тағамтану Академиясының конференц-залында ҚазҰМУ-дың  «Нутрициология» кафедрасының 20 жылдығына орай топаралық  «Білгірлер бәйгесі» интеллектуалдық ойыны өтті.

Әділ-қазылар алқасы құрамында: кафедра меңгерушісі Кайнарбаева Майгуль Сейдуллаевна, кафедра доценті Хасенова Гүлстан Хасенқызы болды.

Аталмыш ойынға «Жалпы медицина» факультетінен құралған «Жүйрік қызанақтар»,«Витаминдер»,«Протеиндер» топтары қатысты.

Студенттер іс-шарада жоғары белсенділік танытып, өз біліктілерін және жан-жақты өнерлерін көрсете білді.

Ойын қорытындысы бойынша«Жүйрік қызанақтар» тобы жеңіске жетті.

Іс-шара соңында кафедра  атынан барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Студенттердің өзін-өзі басқаруын дамыту бөлімі