“Арулар ақ-раушандар” атты салтанатты кеш өткізілді

04.03.2016 жылы С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУнің жалпы медицина мамандығының студенттері тұратын  №6 жатақханасында, 8 наурыз халықаралық қыз келіншектер мерекесіқарсаңына студенттеріне арналған”Арулар ақ-раушандар” атты салтанатты  кеш өткізілді. Бар тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған аналар, әдемі арулар, ақ халатты абзал жандар! Сіздерді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймыз! Әрқашанда шаңырақтарыңыздың берекесі болып, жүздеріңізден нұр шашып жүре беріңіздер. Сіздерге зор денсаулық пен баянды бақыт тілейміз!

Аяулы аналар,құрметті арулар! Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегіне сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын! 8 наурыз мейрамы құтты болсын!

Осы мерекеге арналған кешіміз өте жоғары деңгейде өтіп, көрермендер көңілінен шықты. Кеш жүргізушілері: Омарбек Нұрғиса пен Өскенбай Ахмедияр

Ұйымдастырушы: Студенттік кеңес мүшелері