№2 жатақханада «бесікті де, әлемді де тербеткен» аяулы жандарға құрмет көрсетілді

№2 жатақханада «бесікті де, әлемді де тербеткен»

аяулы жандарға құрмет көрсетілді.

 

«Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Сен депжаздымалғашөлең, дастанды.
Қуандымба,
Өзің бар депқуандым.
Жыладым ба,
Өзіңжоқдепжастамды.
Бәрі де, Ана,
Бірөзіңненбасталды», — депҚадырМырзалиевжырлағандайбұлөмірдіңмәні де, сәні де аяулыаналарымыз. Сондықтан,мейірімшуағынтөккенабзалжандардыңмерекесінеорайНаурыздың 3-і күні жалпы медицина факультетіне қарасты №2 жатақхана жігіттері өздерінің концерттік бағдарламасын ұсынды. Концерт салтанатты түрде үлкен дәрежеде аталып өтті. Мерекеге сай безендірілген зал іші – айналаның барлығын нұрға бөлеген арулармен ерекшеленіп тұрды. Салтанатты жиынға жиналған барша әйелдер қауымына гүл шоқтарын табыс етілді.Бұл концерттік бағдарламада бишілер өз өнерлерін ортаға салды. Нәзік жандарға деген марапат пен қошемет, ән мен күй, би мен жыр сабақтаса өріліп, жалғаса берді.

Аяулы аналар мен замандастар!

8 Наурыз – халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтай отырып, шынайы көңілден шыққан ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз. Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге – аналарымыз бен апа-қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз. Сіздерге шынайы көңілден зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс тілейміз!

 

№2 жатақхананыңстуденттік кеңесінің хатшысы,

жалпы медицина факультетінің

2 курс студентіЕсенби Бибінур