«Өкпе обыры» өлім жағдайы

17 қазанда кафедра  «Өкпе обыры»  өлім жағдайына байланысты  кафедра меңгерушісі мғд, профессор  Есенжанова Г.М. төрешілігімен патолого-анатомиялық құрылтай өткізді.

Құрылтайға №4 ҚКА бас дәрігерінің орынбасарлары Молдакулов Ж.М., Сырлыбаева Г.А., терапия және  қабылдау бөлімшелерінің дәрігер  — терапевтері,  жеке мамандар —  онколог,  пульмонолог, рентгенолог, кардиолог, емхана участкелік дәрігері  қатысты. Сарапшы – терапевт, кафедра доценті Умарова С.У., сарапшы- патологоанатом   №4 патолого-анатомиялық  бөлімінің патологоанатом -дәрігері Рахметова А.С.

Төреаға  -мғд, профессор. Есенжанова Г.М. және  президиум мүшелері –  №4  ҚКА бас емдеу жұмыстары бойынша орынбасары Молдакулов Ж.М., хатшы  — Думанбек А.К.

Емдеуші дәрігер Налибекова Г. Е. науқастың сырқатнамасын баяндап тұр.

Құрылтайға қатысушы дәрігерлер