Құрметті университет қызметкерлері және ұстаздар!

Осыдан 10 күн бұрын, яғни 2012 жылдың 12 ақпанында «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан «Жан жылуы» телебағдарламасынан  еңбек етуге жарамайтын, 36 жасар мүгедек әпкесінің жағдайын жасап, асыраймын деп 20 мың теңгеге еден жуып, сол ақшаға пәтер жалдап тұратын бірі мүгедек, бірі студент екі қызды көрсеткен болатын.

Сол қыз – ҚазҰМУ-нің жалпы медицина факультетінің  1 курс 11-007-2қ топ студенті Тлеужан Сымбат.

Осы бағдарламадан кейін Сымбатты факультетке іздеп келіп, көмек берем деген адамдар аз емес.

Факультет дәстүріне айналған «Мейірімді жүрек» атты эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін кештің жыл сайын ұйымдастырылатынын білесіздер. Осы жылғы қайырымдылық кеш Тлеужан Сымбат пен оның әпкесіне арналады.

Құрметті ҚазҰМУ-нің ұжымы Сіздер де қалыс қалмай, қайырымдылық шарасына ат салысыңыздар! Сіздерді 24.02.2012 жылы сағат 1730-да, университеттің Конгресс-Холлында  болатын кешке шақырамыз.  Билетті жалпы медицина деканатынан алуға болады, бағасы – 400 теңге. Жиналған қаржы Тлеужан Сымбаттың шотына аударылады.

 

Денсаулығың бар кезінде бағала,

Бақытты шақ барлығында болама.

Мүмкіндігің болып тұрса егерде,

Мұқтаждарға көмегіңді аяма.

  

Ұйымдастырушы:  жалпы медицина факультетінің ұжымы