ҚР Тұңғыш президенті күніне арналған дөңгелек үстел

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың саяси ұстанымы – ол елдің бірлігі, татулығы, ал ел байлығы олардың ата- бабасы мұра еткен жері. Президентіміз 1991 жылдан бастап тәуелсіз мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі үшін қажырлы еңбек етіп келеді.

Жыл сайынғы халыққа деген Жолдауында экономика саласын өрбітетін бағыт-бағдарды сілтеп,  соның ішінде қол жетімді баспана, жұмыс орындарын қалыптастыру, ауыл шаруашылын көркейту, білікті мамандарды оқытып шығару және олардың біліктілігін арттыру қазіргі ұрпаққа қажет қоғам талабын қанағаттандыру деп басым айтып отырады. Анық айтсақ медицина саласында білікті мамандарды дайындау,  медициналық көмек көлемін ұлғайту және басты мәселе оны қарапайым халық  үлесіне жеткізу.

Халыққа және оның мүддесіне елеулі үлес қосып отырған еңбекқор презитентімізге арнап Қазақ Ұлттық медицина Университетінің  Жалпы медицина факультетінің екінші курс студенттері «Тұңғыш президент күніне орай»  дөңгелек үстел өткізді. Олар Гистология кафедрасының тьюторлық топ студенттері база деңгейінде 28- ші қарашада еркін түрде ой- пікірлерімен алмасты. Дөңгелек үстел «Саламатты Қазақстан 2011-2015» бағдарламасына негізделіп өткізілді.

Гистология кафедрасының ұжымы Жалпы медицина факультетінің екінші курсының № 15 – 021топ  студенттеріне  «1- желтоқсан Тұңғыш Президент Күніне» орайластырылған саяси мәнді дөңгелек үстел өткізгендері үшін алғыс білдіреді.