ҚазҰМУ-ніңстуденттері Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына барды

Сәуірдің 04 күні 2013ж. С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің

ЖМ 1 курс 12-004, 12-007, 12-003, 12-005 тобының студенттері  және «коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология» кафедрасының аға оқытушылары  тьюторлар Ерназарова С.Т., Абсатарова Г.П., Кашаганова К.Т.,НурмухамбетоваА.А.,Жаканова Т.А.-ң жетекшілігімен Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына барып, «Көгілдір такси» мелодраманытамашалап қайтты. Қойылым көрермендердің зор ықыласымен қабылданды.

«Көгілдір такси» мелодрама авторы- Софы Сматаев, Талғат Теменов, режиссері- Талғат Теменов ҚР халық артисі, профессор, қоюшы-суретшісі Жүнісбекова К, киім үлгілерінің суретшісі- Жүнісбекова К, режиссердің ассистенті- Сәкен Рақышев.

Ащысы мен тұщысы қатар өріліп жататын өмірде адам басынан не өтпейді дейсіз?..

Бұл – Мәриям атты келіншектің кермек тартқан тағдырынан сыр шертетін сахналық қойылым.