Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының 2013-2014 о.ж. қаңтар айындағы жаңалықтары

2014 жылдың  31 қаңтар мен 5 ақпан аралығында Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы  3 курс  ЖМ факультетінің ОЖЖ 001-1; 019-2 қазақ бөлімінің топтары және орыс бөлімінің 034-1; 042-2 топ студенттері «Ішкі аурулар пропедевтикасы» пәнінен емтиханның 2-ші кезеңін ОҚКЕ (ОСКЭ) тапсырды. Емтиханның 2-ші кезеңі ҚазҰМУ Симуляциялық орталығында өтті. ОҚКЕ-нің (ОСКЭ) 2-ші кезеңіне өкпе аускультациясы, жүрек аускультациясы, бауыр перкуссиясы және жалпы клиникалық анализдерге сараптама жасау бойынша студенттердің тәжірибелік дағдыларын тексеру енді. Емтиханның жалпы клиникалық анализдерге сараптама жасау қадамын қабылдаған кафедра меңгерушісі профессор, м.ғ.д., Есенжанова Г.М., доцент, м.ғ.к. Отунбаева Д.И., асс. Адильшина Ш.К. Өкпе аускультациясы қадамын қабылдаған доцент м.ғ.к. Умарова С.У., асс. Мадиева Р.Ч., асс. Тукаева Л.К. Жүрек аускультациясы қадамын қабылдаған доцент, м.ғ.к. Жанкин А.А., доцент, м.ғ.к. Ижанова А.К., асс., м.ғ.к. Идрисова Г.Н., асс. Мустафин А.Б. Бауыр перкуссиясы қадамын қабылдаған оқытушылар: доцент, м.ғ.к. Китуева Р.Н., асс. Майкотова А.М., асс. Сейтимова Ш.А.