Элективтер жәрмеңкесі

2012 жылдың  24 ақпан  күні  Конгресс холда  жалпы  медицина факультетінің  1 және 2 курс студенттеріне  «Элективтер жәрмеңкесі»    өткізілді. Жәрмеңкені университет ректоры Ақанов А.А. ашты.  Электив  пәндерінің  маңыздылығы және таңдауды дұрыс жасау жолдары туралы оқу әдістемелік жұмыс жөніндегі департаментінің директоры  Абирова М.А. ақпарат  берді.   Жәрмеңкеде 2012-2013 оқу жылына  2 курс  студенттеріне  14 электив, 3 курс студенттеріне  28 элективтің презентациясы ұсынылды.  Кафедралар  ұсынған презентациялар   мазмұнды және қызықты болды.  Электив жәрмеңкесіне факультеттің барлық   студенттері  мен  олардың  эдвайзерлері  100% қатысты. «Элективтер жәрмеңкесі»  өте жоғары деңгейде өтті.