Халық денсаулығы жарқын болашағымыздың кепілі

Халық денсаулығы жарқын болашағымыздың кепілі.

Тәулік бойы жүздеген шақырым жол жүріп, қала тұрғындарына алғашқы медициналық көмек көрсететін жедел жәрдем қызметкерлері. Осы қызметкерлерге жүктелетін міндет аса үлкен . Бұл ерекше жауапкершілікті қажет ететін қызметтердің бірі. Себебі, көп жағдайларда санаулы минуттар ішінде адам өмірін сақтап қалу сияқты маңызды, әрі шешуші сәттер кездесіп жатады. Осындай кездерде, ақ халатты абзал жандардың білімділігі мен біліктілігі басты рөл атқарады.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, елемездің әрбір төртінші тұрғыны жедел жәрдем қызметкерлеріне жүгінеді екен. Алматы қаласында күніне 2 мыңнан астам жедел жәрдем қызметкерлеріне қоңырау шалынып, 1.5 мыңына шұғыл көмек көрсетіледі.

Шақырту алып науқастың үйіне барғанда,көп қиындық туындап жатады,бірақ бұл кісілер барлығына дайын: ішіп алған адамдарға, нашақорларға,тістеп алатын иттерге және науқасты құтқара алмау сәттеріне. Дегенімен де, барлығы үнемі оларға байланысты бола бермейді.

Жедел жәрдемнің уақытылы немесе кез келген шақыртуларды қабылдай бермейтіндігі жайында жергілікті әкімдікке немесе Денсаулық сақтау басқармасына арыз-шағымы жиі түсетіні жасырын емес. Осындай қоғамдық пікірдің кейбірі еліміздің жедел жәрдем қызметкерлерінің алтындай жұмысын іске алғысыз қылып тастайтынынтұрғындар білсе екен деймін. Шын мәненде, жедел жәрдем қызметкерлері шын жанашырлықпен қарайды, алайда өздерінің қызмет бабындағы шектеулі ережелерін сақтауға тырысады.

Шұғыл медициналық көмек тек шұғыл жағдайды көздейді. Ал біздің елде халық қолын қанатып алса да жедел жәрдемге жүгінеді. Сондай-ақ біздің елде шетелдік азаматтарға да жедел жәрдем қызметі тегін көрсетіледі, ал басқа елдерде біздің азаматтар үшін бұндай жеңілдік көзделмеген. Осындайда, үнемі біздің жедел жәрдемді «жамандайтындар» аз емес.

Егер тұрғындар өзінің денсаулығын асқындырмай мән беріп уақытылы немесе алдын алып дәрігерге қаралса, көмек көрсету тиімділігі артар еді.IMG-20150409-WA0004

                                                                       Шораев М.Е.

ЖМ факультетінің

5 курс студенті.