«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»

Дөңгелек үстел

Гистология кафедрасы сәуір айының 4-ші жұлдызында Университетіміздің морфологиялық пәндері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты дөңгелек үстел өткізді, бұл жиын № 1-ші М.Маметова атындағы аудиторияда Жалпы медицина, Медико-профилактика, Стоматология факультеттерінің студенттері мен профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты. Ректордың тәрбие жөніндегі кеңесшісі Ж.Ғ. Мустафина, Жалпы медицина факультетінің деканы Р.Т.Джумашева, Анатомия кафедрасының меңгерушісі, профессор Т.М.Досаев және паталогиялық анатомия кафедрасының оқытушылар құрамы студенттермен ашық әңгімеден жиын құрып, өзекті мәселені талқылады. Бұл жиында дәрігерлік этика бұзылыстары, парақор дәрігердің іс-әрекетін көрсететін скетчті қойылым мен «бумеранг» яғни осы мағынадағы видеоролик көрсетілді. Баяндама оқылып, пікірталас өрбіді.

Алдағы уақыттарда да осындай ашық жиындар көбірек болса деген үміттеміз….

Гистология кафедрасының Антикоррупциялық комитеті.

 

Сәуір айы,

Алматы қаласы.