Спорт – денсаулық кепілі

7 сәуір Халықаралық Денсаулық күніне орай «Қалыпты физиология валеология курсымен» кафедрасының оқытушылары №1 Балалар үйінің «Айгөлек» тобына «Спорт-денсаулық кепілі» бағдарламасымен барып қайтты. Бағдарлама аясында балаларға салауатты өмір салты жайында дәріс оқылып, «Жалпы медицин» факультетінің студенттері әр қызға өз аттары жазылған спорттық жейделер сыйға тартты. Дөңгелек үстел өткізіліп, қыздардың салауатты өмір салтын сақтаудағы іс-шаралары әңгімеленді. Қызықты кешті балалар үйінің қыздарының дәрумендер жайындағы тақпақтары, ән шашулары одан сайын әсендіріле түсті. Кеш аяғында барлығымыз дене шынықтыру жасап, жеміс-жидектерден дәм татып, йогурт ішіп, бір-бірімізді қимай қоштастық.