Орыс тілі кафедрасы

Орыс тілі кафедрасының тарихы С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қалыптасуымен тығыз байланысты

Әр жылдары кафедра меңгерушілері болып аға оқыт. К.Е. Бреусова (1950-1975ж.), доц. Судакова А.И. (1975-1986), проф. Тлегенова С.Е. (1986-2007), аға оқыт Шманова А.Н. (2007-2008) қызмет атқарды.

Кафедраның дамуына алғаш рет үлес қосқандар Смирнова А.Г., Мусатова В.В., Шакенова О.Б., Подкатилова Л.С., Садиева В.Г.

1983 жылдан бастап орыс тілі кафедрасы шет ел студенттерін оқытады. Кафедра қызметшілері Тлегенова С.Е., Подкатилова Л.С., Сексеналинова Х.Х., Лазариди Е.И., Каимова Д.Б., Искакова Н.А., Лутковская Т.В., Бердалиева Т.К., Юсупова И.В. және т.б. осы кезең бойы шет ел студенттеріне арналған көптеген оқу құралдарын, әдістемелік нусқауларын, мәтіндер мен жаттығулар жинағын жарыққа шығарды. Орыс тілі бойынша өткерілген олимпиядаларда шет ел студенттері жүлделі орындарға ие болды (Ресей, Москва).

Орыс тілі кафедрасында кредит технологиясы жағдайында орыс тіліне кәсіби-бағдар бойынша оқытудың өзекті проблемалары талданады. Кредит жүйесі жағдайында орыс тіліне оқыту үрдісі сабақты ұйымдастыру түрін жетілдіруді, ғылыми түзетілім амалдарын қалыптастыруды және тек қоғамдық-мәдени, әлеуметтік-тұрмыстық қана емес, сондай-ақ оқу-кәсіби саласында да студенттердің коммуникативтік құзыретін дамытуды талап етеді.

Өткізілген ғылыми зерттеулер нәтижелеріне орай оқу үрдісін оңтайландыру кафедраның инновациялық ізденістерін көрсетпек. Кафедра қызметшілері өз жұмысында бағдарлама тақырыптары шеңберінде студенттерді сөйлеу әрекетіне ынтыландыратын, олардың танымдық мүдделерін танытатын интерактивтік тәсілдерді кеңінен қолданып жүр. Кредит технологиясын жүйелі қолдану тұсында ана тілі емес іспетті орыс тіліне оқыту студенттердің өзіндік жұмысын ұтымды орындау дағдыларын дамытуға бағдарланған. Ғылыми стиль құрылғыларын енгізу, студенттердің болашақтағы мамандығымен байланысты оқу мәтіндерін пайдалану, мамандық тілін ігерудің себептерін жинақтап алу, сөйлеу жәйіттерін қарастыру, коммуникативтік негізге құрылған оқыту әдістемесін қалыптастыру, келешектегі дәрігер қызметіндегі кәсіби қауышу мәдениетін студенттер бойларына дарыту және дамыту – оқу үрдісіне енгізілген жаңалықтар нәтижелері болып табылады.

Соңғы 3 жыл бойы кафедра оқытушы-профессорлар құрамасы өткізілген ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинақтарында 120 ғылыми-әдістемелік мақалалар жариялап шығарды және медициналық жоғары оқу орындарына арналған орыс және латын тілдері бойынша 30 оқу және әдістемелік оқу құралдарының және республика жалпы орта білім беретін мектептердегі орта және жоғары сынып оқушыларына арналған орыс тілі бойынша 3 оқулықтарының авторлары болып табылады.

Кафедра қызметкерлері өздерінің кәсіби және педагогикалық деңгейлерін үнемі көтереді. Кафедра оқытушылары жоғары оқу орны аудиториясында орыс тілін оқыту әдістемесін жетілдіру және тәжірибелік сабақтардағы инновациялық технологияларды қолданудың тиімді тәсілдерін іздестіру мақсатында жоспар бойынша БКФ жыл сайын өтеді. Соңғы 4 жылда 6 қызметкер Абылай-хан атындағы Қазақ халықаралық қатынас және әлемдік тілдер университетінде жаңа білім беру технологияларын қолдану жөнінде БКФ өтті. Олар «Шет ел тілі ретінде орыс тілін оқытудағы инновациялық технологиялар» лекция курстарын тыңдады.

Бұл оқу болжамдық технология, интернет және бейнетехнология, глобалдық симуляция әдістерін қолдануды ескеріп, инновациялық технологияларды қолдануды болжайды. 2008-2009 оқу жылдары кафедраның 12 оқытушысы БКФ негізгі жоспарына қосымша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өздерін өзі қаржылау арқылы оқуда болды.

Бүл курс оқу үрдісіне интерактивтік оқудың ойын, коммуникативтік тренинг ойталас сияқты түрлерін еңгізуге мүмкіншілік береді.

15.03. бастап 19.03.2010. дейін С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Медицина ЖОО тілектерді аттестаттау кезінде және оқу үрдісінде тест түрлерін қолдану» атты семинар өтті. Жаңа білім беру технологияларына, өлшеу жүйесі ретінде тестілерді жобалау, тестілік материалдарды апробациялау және сараптау жөнінде ұсыныстар құрастыру, компьютерлік тестілеуге арналған бағдарламалық құралды таңдау және апробацияланған тапсырмалардың сұрыпталуына аға оқыт. Э.О.Балтабаева, Р.Д.Даркембаева, оқыт. Г.Ж.Турысбековалар үйренді. Семинардың ұйымдастырушысы педагогика ғылымдарының докторы, профессор Р.Т.Аванесов. (Ресей, Москва).

Жыл сайын кафедра оқытушылары әртүрлі деңгейдегі Қазақстанда, Ресейде, Украинада, және Қырғызстанда өткізілген әр түрлі деңгейлердегі халықаралық ғылымі-практикалық конференцияларға қатысты.

Ұ.А. Жанпеисова орта және жоғары білім беру жүйесінде орыс тіліне оқытудың әдістемелік стратегиясы бойынша шеберлік шыңдау сыныбын (мастер-класс) тұрақты түрде өткізіп жүр. Аға оқыт. К.С.Якубаева, А.Н.Шманова, А.А.Майбалаева кандидаттық диссерталияларын қорғады. Балтабаева Э.О. – ізденуші. Кафедра оқытушыларының еңбегі университет әкімшілігімен бағаланып тұрады: проф. С.Е.Тлегенова, аға оқыт. Е.И.Лазариди «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтауының озаты» кеуде белгісімен марапатталды.

СҒҮ шеңберінде жыл сайын 1 курс студенттері университет күніне арналған конференция жұмысына қатысып, олардың баяндама тезистері «ҚазҰМУ хабаршысында» жарияланады. 2007-2008 оқу жылы Баймуханбетова Ж. 1 бағам студенті (ЖМ 010 топ) «Өтейбойдақ Тлуғабылулы және оның медицина дамыуна қосқан үлесі» тақырыбы бойынша 2 факультетаралық сайыс кезеңінде 2 орынға иелік етті (ғылыми жетекші, аға оқыт. З.К. Кокенова)

Жылма-жыл университет Тіл саясатты бөлімінің жоспарына сай кафедрада орыс тілі бойынша олимпиада өткеріліп тұрады. 2009-2010 оқу жылы бул шара ҚазҰМУ 80 жылдық мерейтойына арналды.

Біздің студенттер тек университетіміздегі ғана емес, сонымен бірге басқа жоғары оқу орындарындағы студенттердің ғылыми-практикалық конференцияларына қатысып жүр: 2008-2009 оқу жылында акад. Е. Букетов атындағы ҚарМУ, ал 2009-2010 оқу жылы Абай атындағы –ҚазҰПУ (Мағзумова А. 08 ЖМ -007). Осылайша, ғылыми жобалардың орындалуына студенттерді тарту олардың зияткерлік (интеллект) қабілетін және адамгершілік болмысын дамытуға, мүсіндеуге дем бермек.

Кафедра жүйелі түрде тәрбие жумысын орындап жүр, тақырыптық кездесулер, экскурсиялар, әскери әндер мүшәйрәсін, мәнерлеп оқитыңдар конкурсын өткізген. Біраз жылдардан бері, кафедра жанында студенттерге эстетикалық тәрбие беретін клуб табысты жұмыс істеп келеді (жетекшісі аға оқыт. С.Б. Асембеков). Жыл сайын көкейкесті тақырыптарға арналған «дөңгелек үстелдер» өткеріп жүр. Биыл екі мәрте «Тіл-Қазақстан халықтары бірлігінің негізі», «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстан жаңа мүмкіндіктері» Президенттің халыққа Жолдауы ауанындағы интеллигенцияның рөлі тақырыптарындағы «дөңгелек үстел» өткерілді ҚазҰМУ негізін қалаушы С.Ж. Асфендияровтың 120 жыл толуына орай «Қазақстандық патриотизм: ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, танымал ақын-публицист Аманхан Әлім мен «Алаш» қоғамдық-салсы қозғалысының 90 жылдығы қарсаңында Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры М. Қойгелдиевпен тақырыптық кездесулер ұйымдастырылды. Өткерілген шаралар туралы мақалалар «Ана тілі», «Экономика»- Республикалық қоғамдық саяси басылымдарында және университет газеті «Шипагерде» жарық көрді. Ұлы Отан соғысының 65-жылдығына орай университет деңгейінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатысуымен аға оқытушы Е.И.Лазаридидің ұйымдастыруымен «Ерлікті ту етіп ұстадық» атты мерекелік іс-шара өткізілді. №5 жатақханада аға оқытушы Т.В.Лутковская «Ән – жауынгер, ән — жеңімпаз» атты соғыс жылдарындағы әндерге арналған конкурс өткізді. «Бір шаңырақ астында» атты іс-шара Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекенің алдында өтті (оға оқыт. Каимова Д.Б., Исқакова Н.А.).

Кафедраны 2009 ж. қарашасынан бастап ҚР білімінің Құрметті қызметкері, п.ғ.д., Халықаралық педагогикалық білім академиясының академігі, проф. Жанпеисова У.А. басқарады. Кафедраның қазіргі кезеңдегі ғылыми бағыты-окытудың кредиттік жүйесі жағдайындағы орыс тілін кәсіби-бағдарлап оқыту проблемаларын зерттеу, оқу портфолиясын қалыптастыру болып табылады.