«Мен өмірді сүйемін…»

Өмір деген тіршілік, қоршаған орта, адамның өзі. Өмірдің қызығы ол осы дүниенің сан қырлы жақтарын көру, білу, сезіну. Жастар арасында  «Салауатты  өмір салтын сақтау» мақсатында «Мен өмірді сүйемін…» сайысын  «Мед.биофизика және биостатистика» модулінің профессоры Б.М.Адибаев, доценті  Г.Е.Байдуллаева және аға оқытушы Н.М. Алмабаева ұйымдастырды.

Өмірдің жолдары бар бұраңдаған,

Бірі жеңіл жол десе, бірі ауыр таңдаған.

Күн мен түн зуылдайды ізін жалғап,

Өтеді уақыт сансыз сағаттаған.

– деп СТ013-001/1 топ студенті Жолшибекова Әсел өз өлеңінде жырлағандай сайыста өз қаламынан ұшынан шыққан туындылар  (эссе, өлеңдер, суреттер, фотоколлаж)  қабылданды.

Сайысқа 18 туынды түсті, оған «Жалпы медицина», «Стоматология» факультетінің I, II курс студенттері және Қазақ қыздар Педагогикалық Университетінің  физика – математика факультетінің  I-курсының  2 студенті қатысты.

Төрт студент грамота мен сыйлықтармен марапатталды:

  1. Баймолда Арайлым – ЖМ013-017/2;
  2. Жолшибекова Әсел – СТ013-001/1;
  3. Шермахмедова Сания – ЖМ013-001/2;
  4. Халық Айгерім  — Қазақ қыздар Пед.Университетінің 1 курс студенті;

Ал қалған сайысқа қатысушылар  сертификатпен марапатталды.

 

Сүйемін шексіз!!!

Сыйға алған мына өмірді.

Қашан екені тіпті белгісіз

Сұрауы болар бұл өмірдің де бір күні!

 

О, досым ау!

Сүйе біл сенде өмірді!

Жадыра, шаттан, жүргін әркез көңілді.

Өмірдің мынау қиын сәттерін

Сынақ деп білгін өзіңе.

Бастағаннан соң өмір дәптерін,

Төзе біл достым бәріне.

Мұңайған кезде,

Жабырқау сәтте,

Өмірден сен түңілме!

Алмастырғын қайғыны қуанышқа!

ЖМ013-001/2 студенті  Шермахмедова С.