(KAZ) «ЖИТС: қорқу қажет емес,білу қажет!»

Извините, этот текст доступен только в “KAZ”.

Желтоқсан айының сегізінші жұлдызында біздің  университетіміздің  Жалпы медицина факультетінің 5-курс студенттері,13-009-1 және 13-012-1 топтарының ұйымдастыруымен (топқа жауапты Жүйке аурулары кафедрасының профессоры Туруспекова С.Т.)Алматы Энергетика және Байланыс университетінде «ЖИТС: қорқу қажет емес,білу қажет!» атты тақырыпта шара өткізілді. Ондағы мақсат жастарды ЖИТС-тің қауіптілік деңгейін,одан қалай сақтану және алдын алу керектігі жөнінде кеңінен ақпараттандыру.Бұл шара екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде медицина студенттері ВИЧ инфекциясы қазіргі таңдағы өте өзекті мәселердің бірі екендігін,толық анықтама беріп кететін болсақ-адамның иммунтапшылығының нәтижесінде дамитын вирус болып табылады,иммундық жүйені біртіндеп зақымдайды,ол тек адам ағзасында ғана өмір сүреді және ұзақ жылдар бойы.Ағзаның инфекцияға қарсыласу күші төмендеп, адамда өте сирек кездесетін инфекциялық аурулар дамиды.ЖИТС ВИЧ инфекциясы дамуының ең соңғы деңгейі екендігі жөнінде мағлұмат беру,сонымен қатар  ЖИТС ауруының пайда болу тарихы туралы,елімізде қашан тіркелгендігі жөнінде,оның таралуы,жұғу жолдары,және алдын алуы,қалай қорғануға болатындығы жөнінде жастарды барынша жоғары деңгейде ақпараттандыруға тырысты. Және аудиториямен тығыз байланыс орнатылды,викториналық сұрақтар қойылды,ЖИТС туралы не білетіндіктері жөнінде сауалнамалар таратылды.Тыңдалымға қатысқан Алматы Энергетика және Байланыс университетінің студенттері қойылған сұрақтарға жауап беруде барынша белсенділік танытты,олар да өз білгендерін ортаға салды,білмеген сұрақтарына да жауап алуға тырысты.Соңына таман медицина студенттері дайындаған брошюралар таратылды,ол арқылы да жастар өздеріне керекті кеңестер ала алады деген мақсатпен.Ал екінші бөлім студенттерді сергіту мақсатында театрлық скечтермен,сюжеттік жағдайлық есептермен және концерттік нөмірлермен толықты.Әрине тақырыптан тыс емес,негізгі тақырыптың аясында,яғни ВИЧ инфекциясының үш жұғу жолын, жүктілік кезінде анадан балаға,сақтанбаған жыныстық қатынас және емдеу мекемелерінде залалсыздандырылмаған шприц арқылы жұқтырылған үш тағдыр көріністе баяндалды. Домбыра шертілді,ән шырқалды.Бұл қойылған шарада медицина студенттері қазіргі заманның өзекті мәселесін жан-жақты көрсете білді , және жастардың санасына кішкене болсада сіңірілді деген ойдамыз.