«Жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің қалыпты анатомия модулі «Жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді. Аталған іс – шараға модуль доценттері Тажиметов Б.М., Муканова С.М., аға оқытушы Абилова А.А. және жалпы медицина факультетінің 3 курс студенттері қатысты. Алғы сөзді доцент Тажиметов Б.М. алды. Сыбайлас жемқорлық  әзірше әлемнің бір-де бір елі жеңіп шыға алмаған әлеуметтік қатерлі құбылыс. Сыбайлас жемқорлыққа шек қоюға, әлеуметтік қатынастарды қоғамға зиян келтіріп мүмкіндіктерін асыра пайдаланудан мүмкіндік шегінде жағдай жасауға болады. Әлемнің барлық мемлекеттері осы құбылысқа тап болып отыр. Сонымен қатар қазіргі заманғы жағдайда сыбайлас жемқорлық мемлекеішіндік проблемадан біртіндеп ғаламдық проблемаға айналып бара жатыр. Қазір алдыңғы қатарлы елдерді қоса алғанда барлық елдер жаңа қауіптерді ескере отырып сыбайлас жемқорлықпен күрестің өз үлгілерін қайта қарауда. Сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейту жөнінде жаңа заңдар қабылдағандарына тоқтап өтті.

Келесі кезекте бағдарлама  бойынша  4 баяндама  оқылды. Атап өтетін болсақ, 3-курс студентері Әуелбекова Ақерке (ЖМ-3-16-1 топ)  «Жемқорлық- ғасыр  дерті», Тәліпбай Райымбек  (ЖМ-3-16-1 топ)   «Сыбайлас  жемқорлық  өмір  шындығы», Айтқалиева Асемгүл  (ЖМ-3-28-2 топ)   ”Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамыздың міндетіміз”  «Антикоррупция»,  Оразбек Мейірлан (ЖМ-3-28-1 топ)    «Қазақстандағы  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыптарын қамтыды.

Дөңгелек  үстелді  соңында модулдің аға оқытушысы Абилова А.А. студенттермен  кері  байланыс  жасай отырып төмедегідей  қортынды жасады: жалпы, қоғамдағы қандай да болсын келеңсіздіктің  алдын алуды әрбір азамат өзінен бастаған жөн деп есептеймін. Бұл ретте, мен өзін отанымыздың патриотымын деп есептейтін әрбір замандасыма айтарым, еліміздің биік белестерді бағындыруы, мемлекетіміздің 50 дамыған елдердің қатарына кіруі сынды асыл мұраттарға қол жеткізуіміз біздің отан алдындағы еңбегімізді адал атқаруымызбен тікелей байланысты.