«Жемқорлыққа жол жоқ»

25.09.2013 жылы Балалар жұқпалы аурулар кафедрасында тәрбие жұмысына жауапты А.Т. Джумабекованың ұйымдастыруымен «Жемқорлыққа жол жоқ» атты  конференция кафедра оқытушыларымен 4 ЖМ 34-1, 34-2, 36-1, 36-2, ЖТД 6 курс 35 дәрігер – интерндермен өткізді. Конференцияда 10-34-1 тобының студенттері Акылшаева Айнур мен Стамбекова Жанар «Жемқорлыққа қарсы» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамада жемқорлыққа қарсы заңнамалар мен ЖОО-ғы антикоррупциялық шаралар туралы біраз мағлұматтар көрсетілді. Конференция барысында тақырыпқа байланысты студенттер, интерндер өз ойларымен бөлісті. 6 курс ЖТД дәрігер – интерні Айгерім: «Біз жемқорлыққа қарсы күресті өзімізден бастауымыз керек! Сабақты жақсы оқып білімімізді жоғары деңгейде көрсете білуіміз керек» деп тұжырымдады. Аканов Нұрлан: «Жемқорлықты болдырмас үшін мамандықты сүйіп, осы мамандыққа адал болуы керек. Болашақта тек адал қызмет етіп, еліміздегі азаматтардың денсаулығын қорғауға көмек көрсетуіміз қажет» деп сөзін аяқтады.

Сыбайлас жемқорлық қазіргі заманғы қоғамның аса бір көкейкесті мәселелерінің бірі. Ең қиыны сыбайлас жемқорлық халықтың сенімін жояды, қоғам құру жолындағы оның күллі шешімдерін жоққа шығарады. Бұл кеселмен күресу үшін барша халықтың ерік жігері, сондай-ақ еліміздегі әрбір азаматтың түбегейлі ой ұстамы қажет. Әр азаматтың жемқорлыққа қарсы тұруға, оны болдырмауға ат салысуымыз қажет. Осы сөздермен конференциямыз қорытындыланды.