Қиын және ерекше жағдайларда дәрігер мен науқас арасындағы қатынас құрылуының тәсілдері

Дәрігерге әрбір науқас өз бетінше қиын болады. Науқастар мамандығымен, материальді және әлеуметтік статусымен, отбасылық жағдайымен, өмірлік тәжірибесімен, психологиялық қиындықтарымен және уайымдарымен, жасырын мәселелерімен ерекшеленеді. Әр қайсысы өз бетінше ауруға, ауырсынуға, дәрі қабылдауға, дәрігерге баруына жауап береді.
«Қиын» науқастарға өзінің ішкі психологиялық әлеміне жабылып қалған, интровертирленген, байланысқа қиын түсетін толық ақпаратты жауап бермейтін науқастар жатады.

Күрделі науқастармен жұмыс жасау барысында дәрігерге келесі жағдайларды ескеру қажетгі болады:

  • қажетті мәліметтермен науқасты ақпараттандыру;
  • жоспарланатын ем түріне науқастың қатынасын талқылау;
  • емдеудің тиімділігіне кері әсер беретін факторларды

анықтау;

  • орнаған жағдай бойынша сенімділік пен қауіптілікті

анықтау;

  • тағайындалған терапия бойынша науқастың дайындығын

бағалау.

Сонымен қатар, бұндай науқастармен арақатынаста, госпитальді кезеңде амбулаторлық емді жоспарлау және жүргізіліп жатқан терапия бойынша қауіптілік жағдайын талқылау дәрігерге маңызды екені мәлім. Осының барлығының нәтижесі төмендегідей мүмкіндік береді:

  1. Емдеудің түрлі кезеңіндегі науқастың жағдайын бағалау;
  2. Жүргізіліп жатқан терапия динамикасының сапасын бағалау. Науқасқа ақпарат беру барысында төмендегідей әсерлі коммуникативті техниканы қолданған жөн:
  • науқастың деңгейіне сәйкес қарапайым, медициналық емес терминдерді қолдану;
  • керексіз мәліметтерді шектеу;
  • маңызды мәселелерді талқылау;
  • қажет болған жағдайда маңызды ақпаратты қайталау;
  • нақты мысалдарды келтіру;
  • науқастың оң қөзқарасына ие болу.

Науқаспен сұхбаттасумен қатар, науқасқа жазбаша түрде беру

керек:

  • күнделікті қабылдайтын дәрілердің аты мен тәуліктік

мөлшерін;

  • бір қабылдағандағы дәрілік заттың дозасын;
  • қабылдау уақытын;
  • тамақтану уақыты мен дәрілік затты қабылдау мерзімі арасындағы қатынасты;
  • мүмкін болатын дәрілік затгың жағымсыз әсерлері жайында ақпарат беру (көрініс берген уақытта медицина қызмет-керлеріне хабарлауы тиіс);
  • дәрілік заттарды қолдану және сақтау бойынша көрсеткіштер.

Қорытындылай келе науқастар дәрігерге міндетті түрде сенімділікпен қарауы тиіс. Науқастар дәрігер алдында өздерінің ойын, қорқыныш сезімін айтуды маңызды деп санайды, оған дәрігермен сұхбаттасу үрдісі өте қажет болып табылады.Қиын науқастармен дәрігер үшін екі жақты, үш жақты байланысты құру ерекше қиындықтар әкеледі: науқас — туыстары — дәрігер.Сондықтан дәрігердің тәртібі,жүріс-тұрысы өте маңызды орын алады : әдептілігі,адамды тыңдай білуі,оның ойын тиісті арнаға бағыттауы,сеніміне кіруі т.б. Дәрігер мамандығы одан артистік,педагогтік және тәрбиеші болу қасиеттерін талап етеді.Осыған байланысты,дәрігер тәртіп мәдениетін студент кезінен даярлай бастап өмір бойы дамытып отыру керек.

Преподаватель Кудайбергенова А.Ж.

Әмзебек А., Шора А., Дюсебаева Ж., Ағабек А.