«Қазақ тілі» олимпиадасы өтті

 

2017 жылдың 14 сәуірінде  ҚазМҚПУ-дың ұйымдастыруымен

Мемлекеттік тілді дамыту мақсатында

Алматы қаласы жоғары оқу орындарының

өзгетілді студенттері арасында

«Қазақ тілі» бойынша

пәндік олимпиада өтті

         Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұйытқы болуымен өзге ұлт өкілдері арасында тілдің мәртебесін арттырып, қолданыс аясында кеңейтуге бағытталған іс-шара университетіміздің жалпы медицина факультетінің 1 курс студенттері белсене қатысты: Мажлисова Инара, Хаджифазлыоглу Эда, Chittamuru Givish Goutham.

«Денсаулық» тобына біріктірілген білім алушылар  төрт тур бойынша сайысқа түсіп, көпті оза жарып,  жүлделі үшінші орынға ие болды.

Топ жетекшілеріқазақ тілі және кәсіби қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, доцент З. А. Абдуллина, А.Р. Рахымбаева алғыс хатпен, студенттер бағалы сыйлықтармен және атаулы дипломдармен марапатталды.

 

Қазақ тілі және кәсіби қазақ тілі кафедрасы