«Ғасырдың дара перзенті» атты мерекелік тәрбиелік іс-шара өтті

Жалпы медицина факультетінің 3 курс 22, 18, 19, 20, 21, 23, 24, 25-1\2 топтары студенттерімен бірге мамырдың 18-жұлдызында  Еліміздің біртуар азаматы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 105 жылдығына орай «Ғасырдың дара перзенті» атты мерекелік тәрбиелік іс-шара өткізілді. «Елім» дейтін ер болмаса, «Ерім» дейтін ел қайдан болсын?! Халықтың қалауына, ел үшін қызмет етіп, аянбай тер төкті. Ол адалдықты, шындықты ту еткен, халық үшін қалтқысыз қызмет еткен перзент. Қазақ халқының тарихында болмысы бөлек, мінезінің байлығымен, терең білім, ақыл — парасатымен дараланған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев, халқына сүйкімді, ұлтқа қадірлі, шыныдай мөлдір, аса білікті адам.Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір азамат терең түсініп, жастарға патриоттық тәрбие беру маңызды. Осы мақсатта жүргізілген іс-шара барысында Еліміздің біртуар азаматы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 105 жылдығына баяндама жасалып, интеллектуалдық ойын өткізілді. Күй мен жырға, ән мен күйге толы мерекелік шараны өткізуге Жалпы медицина факультетінің 3 курс 22, 18, 19, 20, 21, 23, 24, 25-1\2 топтары студенттері бар өнерлерін салып, жоғары деңгейде өткізді. Мерекеге келген қонақтар қойылымды тамашалап, өнерлеріне тәнті болды. Сайыста қатысқандарға Патологиялық анатомия кафедрасының оқытушылары кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Сапаргалиева А.Д, Шумкова Э.Н, АхметовЖ.Б,Алшериева У.А.,Серикбай М.К., Бастимиева Б.Е.,Анаятова Б.Ж., Кузатбекова Е.Б,Садыкова Д.К,Муздыбаев Б.М. алғыстарын айтып студенттерді Алғыс хаттармен марапаттады.