«ЭКСПО  — 2017: Болашақ энергиясы»

ЭКСПО  — 2017 еліміз  үшін маңызды іс-шаралардың бірі болып табылады. Тәуелсіз Еліміздің ең үлкен жобасы.

Осыған орай университет қабырғасында 18 сәуірде көптің ықыласына бөленіп жүрген ерекше жобаны «Коммуникативтік дағдылар» кафедрасы ұйымдастырыпөз үлестерін қосты.

Жастардың бойындағы өнерге,білімге деген шығармашылық ізденістерін дамыту, танымдық қабілеті мен сахна мәдениетін қалыптастыру мақсатында КВН  ойынына университетіміздің «Жалпы Медицина», «Стоматология» факультеттерінің студенттерінен құрылған 5 топ қатысты.

Әділ қазылар төрайымы Ректор кеңесшісі профессор Мұстафина Ж.Г тақырыптың маңыздылығын атап өтіп,қатысушыларға сәттілік тіледі.Сайыс қатысушылары ЭКСПО -2017 және медицина тақырыбы аясында әзілдерін ұсынып, ұтымды әзіл, тапқыр ойларымен  сайысты қызықты өткізе білді.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», — демекші, жарыс болған соң жеңіс те жеңіліс те бірге жүреді. Сонымен сайыс қорытындысында «Стоматология» факультетінің 003 тобы жүлделі III орынды, II орынды Жалпы Медицина факультетінің 011 тобында оқитын «ЭКСПО Жастары»  иеленсе, бас жүлдені Жалпы Медицина факультетінің 009 тобында оқитын «Energy» командасы қанжығаларына байлады. Айта кетерлік жағдай жүлделі орындарға ақшалай сыйақы ұсынылды.

Студенттердің қоғамдық өмірге белсенділігін арттырып, олардың бойында шығармашылық ізденістерін, еліне  деген құрметті дамыту үшін осы тәрізді іс-шаралар жиі ұйымдастырылып отырса нұр үстіне нұр болар еді.