ЖМ факультетінің 5, 6 курс студенттері назарына!

«Жалпы медицина» факультетінің 5, 6 курс студенттерін Bejjin Университетіне (Қытай) «Шығыс медицинасы» бағытында Магистратурада оқуға іріктеу туралы ақпараттық хат.

Қытай медицинасы негізінде 1956 жылы құрылған Bejjin Университеті ең алғашқы қытайлық медициналық жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Аталмыш университет ҚазҰМУ-дың «Жалпы медицина» факультетінің 5, 6 курс студенттерін «Шығыс медицинасы» бағытында магистратура бағдарламасы бойынша оқуға іріктеу жүргізілетінін хабарлайды.

Қытай Медицинасы Шебері бойынша бағдарламының ұзақтығы 2 жыл. Оқу жоспары теоретикалық және тәжірибелік оқыту курстарынан тұрады.

Іріктеу байқауына қатыса алатындар:

  • Казақстан азаматы, ҚазҰМУ-дың «Жалпы медицина» факультетінің студенті;
  • 5 және 6 курс студенттері;
  • сондай-ақ, бұдан бұрын академиялық мобильділікке қатыспағандар құпталады.

Студенттері іріктеу байқау негізінде өтеді. Байқау Bejjin Университетінің қытайлық  өкілдері тұрғысынан online тәртіпте жүргізілетін болады. Іріктеу байқауының нәтижесінде ҚазҰМУ-дың «Жалпы медицина» факультетінің 10 студенті таңдалатын болады.

5 — курс

Аталмыш бағдарлама бойынша байқауға қатысуға бакалаврдың 5 курс студенттеріне талап етілетін толық құжаттар тізімі:

  • 2017 жылдың қыркүйегі мерзіміне бакалаврды бітіргендігі туралы диплом, бұл іріктелген кандидаттар Қытайға барғанда қажет;
  • 2017 жылдың қыркүйегі мерзіміне бакалаврды бітіргендігі туралы диплом қосымшасы;
  • 9 семестрге транскрипт;
  • ҚазҰМУ-дың 5 курс студенті екенін растайтын анықтама;
  • кәсіби тіл (IELTS,  TOEFL сертификаттардың болуы құпталады) туралы куәлік;
  •  Қытай үкіметтік стипендиясын алуға үміткердің суреті және оның қолы қойылған өтінім нысаны;
  • Зерттеу жоспары және зерттеу барысындағы ұсыныстар (магистрлік бағдарлама бойынша үміткерлер жоспарында кемінде 800 сөз болуы тиіс).
  • шетел студентінің медициналық тексеруден өткендігі туралы анықтама;
  • ҚазҰМУ-дың оқытушылары немесе профессорларынан 2 мінездеме хат;
  • шетелге шығу төлқұжатының фотокөшірмесі.

6-курс

Аталмыш бағдарлама бойынша байқауға қатысуға интернатураның 6 курс студенттеріне талап етілетін толық құжаттар тізімі:

  • бакалавр бітіргендігі туралы диплом;
  • бакалавр бітіргендігі туралы диплом қосымшасы;
  • бакалавр бітіргендігі туралы транскрипт;
  • ҚазҰМУ-дың 6 курс студенті екенін растайтын анықтама;
  • кәсіби тіл (IELTS,  TOEFL сертификаттардың болуы құпталады) туралы куәлік;
  •  Қытай үкіметтік стипендиясын алуға үміткердің суреті және оның қолы қойылған өтінім нысаны;
  • Зерттеу жоспары және зерттеу барысындағы ұсыныстар (магистрлік бағдарлама бойынша үміткерлер жоспарында кемінде 800 сөз болуы тиіс).
  • шетел студентінің медициналық тексеруден өткендігі туралы анықтама;
  • ҚазҰМУ-дың оқытушылары немесе профессорларынан 2 мінездеме хат;
  • шетелге шығу төлқұжатының фотокөшірмесі.

Маңызды: Барлық үміткерлер назарларына! Барлық құжаттар ағылшын тіліне аударылып,рәсімделіп, сондай-ақ, нотариалды куәландыру қажет.

Ескерту: «Жалпы медицина» факультетіндегі және жалпы критерийге сәйкес іріктеу барысынан соң, өткен кандидаттар тікелей қытайлық өкілдермен аталмыш бағдарламаға қатысуға өтінім жазып, олардың іріктеулерінен соң, «үздік кандидаттар» мемлекеттік грантты алуға өтініш береді.

Байқауға тіркелу үшін міндетті түрде белгіленген тәртіпте «Жалпы медицина» факультетінің деканатына (№105 каб.), академиялық мобильділік  және халықаралық ынтымақтастық бойынша декан орынбасары   Матмуратова Бибигуль Кунтугановнаға  10.02.2017 ж. мерзіміне дейін жолығуларыңыз қажет. 

Байқау нәтижелері қосымша ҚазҰМУ-дың «Жалпы медицина» факультеті сайтындағы «Жаңалықтар» бөлімшесінде жарияланатын болады.